Әйел заты шыны тектес
Әйел заты шыны тектес

Нәзіктік, асылында бұл сөздің астарында бір пәктік, тазалық жатқандай. Бұл сөз нәзік жандыларға арналса керек. Ал бізді осындай нәзік те таза-ғып жаратқан Жаратушы Иеміз ғана. Әйел затын Алла елшісі (саллаллаху алейхи уәссәләм) шыныға теңеген. Әйел адам өте сезімтал, ұятты, табиғатына сай көрікті, ақылды да парасатты әрі салмақты келген. Бұл қасиеттер әйел затының ерекшеліктерін артыра түспесе, төмендетпесі анық.

Керісінше, жеңіл мінезді, орынсыз күлкі мен бос әңгімелерді ұнататын, жаман әдеттердің басым болып, ұяттан жұрдай болуы қашанда бұндай әйелді қоғам құрметтемейді. Барлық елде, арлы да ынсапты ар-ұятын сақтаған әйел адамды қоғам әр қашан сүйсіне қараған, сыйлы қараған. Ал, елімізде сондай иманды да парасатты нәзік жандылар неғұрлым көп болса, қоғам соғұрлым өркендей түсетіндей. 

Алла Тағала барша мүмін әйелді арлы да ынсапты, нәзік те салмақты, иманды әрі инабатты болуды жазғай! Әмин! 

Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
4 жыл бұрын 2706
2 пікір
Блог туралы