Ата-ана қадірі
Ата-ана қадірі

Біз біле бермейтін, көре бермейтін басымыздан өткере бермейтін, кейбір қиыншылықтарды жақындарымыз, туыстарымыз, көршілеріміз қазір бастан кешуде. Кейде арпалыс, асығыс өмірде ешқайсымыз біреудің болса да мұңы мен шағымын тыңдауға асықпаймыз. Кейде байқап қаласың базарларда егде кісілердің тұрып, азғантай қолда барын сауда жасағанын көрсең, жаның ашиды екен. Бірде, бір әжені байқадым, өзі сондай ақ әрі жылы жүзді, қолында азғантай тоқылған шұлықтары бар екен. Екі аяғы талған күйі қолындағы аманатын саудаға қойып, жанынан өткен адамдарға ұсынуын тоқтатпай, жүзінен шаршағаны білініп тұрғаны сондай, әлсіз көрінді. Алайда, қасынан өте бергенде жүзінен нұр шашылғандай, жымиып тұрды. Сол күні, далада нөсерлеп жаңбыр жауып тұрған еді. Жылы жерде, ыстық ұясында, кішкентай ғана немерелерін қарап, бала-шағасының қамқорлығында жүретін біреудің анасы, біреудің әжесі ғой. 

Тағы бірде базарда домбыра шалып, күй шертіп отырған бір атаны байқадым. Ата жүзі қатал болғанымен, сөйлегенде даусы әлсін-әлсін шығады екен. Атаның айтуы бойынша үйінде отыра алмайды екен, кезінде күй тартып, концерттерге шықса керек. Бірақ, қалай болғанда да қазіргі таңда көп ата-әжелер үйде не себептен отыра алмайтыны біреуге мәлім, біреуге беймәлім. Қарттар үйінде егде кісілердің көбейіп бара жатқаны осыған күәлік етсе керек. Асылында, бір ата-ана он баланы қамқорлығымен өсіріп, бағып қағады. Алайда, он бала бір ата-ананы бағалмайтыны өкінішті жағдай. 

Раббым ата-анамызға Жәннаттың төрінен орын бергейсің! Бізді кішкентай күнімізде мәпелеп өсіргеніндей, Сен де оларды Өз мәрхаматыңа алғайсың! Әмин! 

Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
4 жыл бұрын 3653
2 пікір
Блог туралы