Көз жасымның тамшысы
Көз жасымның тамшысы

Көп жағдайда біз түсіне бермейтін құбылыстар орын алады. Айналамыздағы тіршілік иелерінің тағдырын біліп Көруші Жалғыз Алла Тағала. Адамның санасына сыймайтын құбылыстардың сан қилысын Басқарып тұрған Жаратушы Жаппар неткен Ұлық Иесі еді. Қаншама адамдардың тағдырын шешіп, ұлы нығметтер беріп жатқан Алла Тағала Жомарт Иесі. 

Бізге берілген нығметтер, асылы мұғжизамен тең. Көру, есту, сөйлеу қабілеттерінің барлығын айтпағанда, дұғаларымыздың лезде қабыл болуы да бір ғажаппен тең, Алланың мейірімділігі мен жомарттығынан. 

Бұрын намазда тұрғанымда жиі жылаушы едім. Себебі, көз жасы сенің Раббыңның алдында дәрменсіздігіңді, әлсіздігіңді мойындауға септігін тигізіп, жүрегіңді жұмсартады. Кейде адам баласы күні бойы қателіктер жасап, артынша тәубе жасамаса, кішкентай қателіктер үлкен тауға айналып, қатігездікке апаруы әбден мүмкін. Сондай күндерді басымнан кешкен сәттер болды, асылы бәрімізде де болып тұрады ғой, пенде болған соң. Сол кезде, іштей ғана "Көптен бері намазда тұрып жыламадым, босамадым Раббым. Саған тәубе етпедім" - деп іштей ғана ойладым бір сәтке. Сәлден соң, көзімнен жас тамшыдай ағып, жүрегім еңіліп, езіліп бірге жылады. Раббымның осынша Ұлылығына, Биіктігіне тағы бір мәрте көзім жетті. Алла Тағаланың Ұлылығында, Мейірімділігінде, Жомарттығында шек жоқ. Оның нығметін санап тауса ала алмаймыз. Көбіне қате түсінетін адамдар, көздің жасын әлсіздер ғана төгеді деп айтады. Алайда, ондай пікірмен жүрген адамдармен келіспеу керек. Себебі, Раббысына көз жасын төкпеген, іштей тәубе етпеген жүрек, қатыгездікке, тәкаппарлыққа жол ашады. Ол нендей жаман жол. Бірақ, мүміндер басқа, олардың жолы әрқашанда жақсы, ізгі жол болмақ. Алла Тағала баршамызды тура жолдан таймасын! Әмин!  

Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
4 жыл бұрын 2808
5 пікір
Блог туралы