Тақуа дос!
Тақуа дос!

Кейбір достар дәрі-дәрімек сияқты, оларды жаның қиналған сәтте қажет етіп, іздейсің. Кейбір достарды үнемі көріп жүресің, алайда жаның қиналғанда олар қасыңнан табылмайды. Тек қуанышты кездері үнемі жадыңда табылады. Бұндай достардан алшақ жүрген абзал. Өйткені достың ең абзалы ол - тақуалы дос. Саған ақыретіңді, Жаратушы Хақ тағаланы есіңе түсіретін асыл досың. 

"Маған досыңды айт, саған кім екеніңді айтамын" деп бекер айтпағаны тегі. Тақуалар бір-біріне бауырлар. Асылында, тақуа жандар бір-біріне насихат айтушы, Жаратушыңды таныстырушылар десек артық болмас. 

Тақуа адам ол кім? Ол қандай жан?          

Тақуа иманды жан болып келеді. Тіліне ие болған, жұмсақ мінезді. Ешқашан ешкімге қиянат қылмайды. Жақсылық жасауға табандылық танытқан. Өзінің және өзгелердің ата-анасына қарындастарына, әйел затына ерекше ылтипат танытып, сыйластықпен қарайды. Үлкендерді сыйлап, кішілеріне ізеттілік танытып, жақсы көреді. Барша адамдар үшін амандық тілеп, елі, жері үшін тыныштықты әр намазында тілейді. Таршылықта сабырлылық, тоқшылықта шүкіршілік, барына қанағатшылыдық тұтады. Әрдайым Жаратушы Хақ тағалаға тәуекел етуші. Ісіне адал әрі жауапкершілігі мол болған.

"Жақсылықта және тақуалықта (бір-біріңе) көмектесіңдер. Күнә жасау мен дұшпандық жасауда көмектеспеңдер" ("Мәида" сүресі, 2-аят) Құранға амал етуші. Аллаһ тағаланың бұйрығын орындап, тыйыл дегендерінен бойын аулақ ұстаушы. Асылында мұсылманның көркем сипаттарын таусып, жеткізе алмайсын.  

Құран Кәрімдегі "Шынында иман келтіргендер құтылды. Олар, сондай мүміндер, намаздарында іштей жалбарынады". ("Муминун" сүресі, 1,2-аяттар), әрбір мұсылман, мүмин жандарға қаншалықты бақытты жан екендеріңді біліп жүрейік, шүкіршілігімізді артырайық, сабыр етейік. Аллаһ баршамызға екі дүние бақытын нәсіп қылғай. Әмин.

 Диана Кошкинбаева

Diana MuslimaDiana Muslima
2 жыл бұрын 577
0 пікір
Блог туралы
0
15571 78 187 217 68