Хазреті Хамза
Хазреті Хамза

Әкесінің аты Абдулмутталиб, анасының аты Хала бинти Уахиб. Хазіреті Хамза пайғамбарымыздан 2 жас үлкен еді. Пайғамбарымыздың немере ағасы және сүт бауыры еді. Суайбә ханым екеуіне де сүт ана болған. Хазрет Хамза Құрайыш тайпасының ең тектілерінен болуымен қатар қылышты жақсы қолданып, садақты керемет ататын. Ержүрек батыр, мықты жауынгер еді. Мұсылмандықты қабылдағаннан кейін де сол ерлікті Аллаһ, пайғамбар және ислам діні жолында көрсетті. Сол себепті сүйікті пайғамбарымыз оған "Әсәдуллаһ" (Аллаһтың арыстаны) деген лақаб атты берген. Сүйікті пайғамбарымыз Мекке мен Мәдиналықтардың бұдан былай бір-бірімен бауырлас екенін хабарлағанда, хазреті Хамза сүйікті пайғамбарымыздың азат етілген Зәйд ұлымен бауырлас болған еді. Оны қатты жақсы көретіні соншалық, Аллаһ жолында соғысқа шығар кезде бүкіл мал-мүлкін Зәйдке қалдыратын. Мүшриктерге қарсы соғысқан алғашқы ислам әскерінің қолбасшысы Хазреті Хамза еді. Сүйікті пайғамбарымыз ақ түсті алғашқы ислам байрағын оған тапсырған еді. Кейінгі соғыстар да көбінесе оның басшылығында болған. Бәдір соғысындағы қаһармандардың ең ұлысы Хазреті Хамза еді. 

Бәдір соғысында жеңілген Құрайыш мүшриктері өш алу мақсатында Ухудқа келеді. Бұл соғыста расулуллаһтың немере ағасы шынымен "Аллаһтың арыстаны" екендігін дәлелдейді. Бірақ торуылға түсіп шәһид болады. Дін дұшпандары шәһидтердің мырзасын жек көретіні соншалық, мүбәрәк денесін 70 бөлікке бөліп тастаған еді. Шәһид етілген күн 57 жасында еді. Соғыс біткеннен кейін сүйікті пайғамбарымыз Ухуд шәһидтерін екеу-екеуден жерлейді. Ухудтан қайтар кезде Мәдиналы әйелдер өздерінің жақындары үшін көз жастарын төгеді, ал хазіреті Хамза үшін әрбір үйде дұға етілді. 

 

Мақала "Түркістан күнтізбесі 2014 жыл" алынған

Diana MuslimaDiana Muslima
2 года назад 480
2 комментария
О блоге
0
15571 78 187 217 68