Көңілі ояу
Көңілі ояу

Бір күні ірі табиғин ғалымы Хасан Басриге бір адам келіп, қызының соқыр болып қалғанын айтады. 

 - Әй, имам, менің қызым күні-түні Құдайды ойлап көп жылайды. Тіпті қос жанары суалып кетті. Баспаған жер, бармаған тауым жоқ. Ешкім емдей алмады, - дейді.

 - Мені ертіп бар, - деді Хасан Басри, - жолығып көрейін.

 Екеуі үйге жетеді. Шынымен де қызы су қараңғы соқыр екен, өзі жылап отыр. Хасан Басри мұны көргенде:

 - Қызым, неге жылай бересің? Тіпті екі көзіңнен де айырылыпсың, - дейді.

 - Екі себептен соқыр болдым, - депті қыз, - біріншісі, егер бұл көзбен ақыретте Аллаһтың жамалын көре алмасам, қазіргі көрген дүние соның жолында садақа болсын. Екіншіден, ақыретте бұл көзбен Аллаһтың нұр дидарың көре алмасам, онда мұның маған не керегі бар? Ондай көздің барынан да жоғы жақсы.

Бұны естігенде, Хасан Басри қызыдың әкесіне қарап:

 - Сен мені бұл жерге ақыл айт деп әкелгенмен, ақылгөй қызыңнан нағыз даналық сөз есіткіздің. Мұндай көкірек көзі ашық адамдарға жай көздің керегі де бола қоймас", - деген екен.  

 

  Мақала "Күнтізбе - 2013" алынған (ҚМДБ)

Diana MuslimaDiana Muslima
2 года назад 385
1 комментарий
О блоге
0
15571 78 187 217 68