Яһуди дінбасының мұсылман болуы
Яһуди дінбасының мұсылман болуы

Пайғамбарымыз (с.а.с.) өмір сүрген кезеңде Шам (Дамаск) қаласында бір яһуди дінбасы бар болатын. Бір күні Тәуратты оқып отырып, 4-бетте пайғамбарымыздың есімін кездестіреді. Ол Ислам дініне қас болатын. Өшпенділікпен бұл беттерді жыртып тастайды. Үшінші күні тағы 20-бетте пайғамбарымыздың есімін кездестіреді. Бұл жолы ойланады. Өзіне-өзі? "Оның есімі кездескен барлық беттерді жырта беретін болсам, кітап таусылады. Мұнда бір даналық болуы керек" дейді. 

Ол кезде пайғамбарымыздың қайтыс болғанына 4 күн болған еді. Дінбасы мұны естігеннен кейін жылай бастайды. Сонда хазреті Әли сұрайды:

- Ей, жолаушы, сен кімсің? Неге жылайсың?

- Мен бір яһуди дінбасымын, Шамнан (Дамаск) келдім.

- Тәураттан пайғамбарымыздың есімін көрген кезде парақтарды жыртқан сенсің бе?

- Иә, оны қайдан білесің?

- Сенің келетініңді пайғамбарымыз айтқан болатын. 

Бұл сөздерден кейін дінбасының Ислам дініне ешқандай күмәні қалмады. Кәлимәи шәһадатты айтып, сол жерде мұсылмандықты қабылдайды. 

Мақала "Түркістан күнтізбесі 2015 ж." алынған

Diana MuslimaDiana Muslima
2 года назад 469
1 комментарий
О блоге
0
15571 78 187 217 68