Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүние салғанда, халық қатты қайғырды. Мұнафықтар дереу "Мұхаммед анық пайғамбар болса неге өледі?" деген қауесет сөз таратты. Мұны естігенде ашуланған Омар (р.а.) елді жинап, қылышын қынабынан суырып алып: "Мұхаммед өлген жоқ. Кім оны өлді десе, сол адамның басын шабамын! - деді. Халық абдырап қалды. Хазірет Омардың бұл тосын әрекетін Әбу Бәкір (р.а.) ғана ақылмен басты. Әбу Бәкір (р.а.) халықтың алдына шығып:
- Әкем мен шешем сенің жолында құрбан болсын, уа, сүйікті Пайғамбарым. Өмірің тым сұлу еді. Өлімің де сондай болды. Естеріңде болсын, кім Мұхаммедке табынып келсе, анығында ол өлді. Енді келмейді. Ал кім Аллаға табынып келсе, Алла Тағала өлмейді, Ол мәңгі тірі!" - деді де, "Әли Имран" сүресінің 144-аятын оқыды:
"Мұхаммед - тек қана елші. Оған дейін де қаншама пайғамбарлар келіп кеткен. Ол өлді екен деп діндеріңнен бас тартасыңдар ма? Естеріңде болсын, кім діннен шықса, Аллаға зиянын тигізе алмайды. Алла Тағала һидаяттың қадірін біліп, шүкір еткендерді марапаттайды".
Мақала "Күнтізбе - 2013" алынған (ҚМДБ)