Ата-анаға жақсылық жасау, оларды зиян мен қиындықтардан қорғау - парыз. Адам әке-шешесіне жылы жүзбен, мейіріммен қараса, Аллаһу тағала оған рақымдылық көзімен қарайды. Ата-анасының ризалығын алған адамға жұмақта екі есік ашылады. Оларға қарсы шыққан баланың күнәһар қарақшыдан айырмашылығы жоқ.
Баланың өскеннен кейін ата-анасын ренжітуі, қиындыққа душар етуі Аллаһу тағаланың азабына себеп болады. Ата-ана мен күйеуінің күнәға апаратын бұйрықтарына бағыну дұрыс емес. Бірақ, ешқашан, ешқандай себеппен ата-анаға қатты, дөрекі сөйлеуге болмайды. Ата-анасы күнә істеген адам бір рет насихат айтады, олар қабылдамаса үндемейді. Олар үшін дұға етіп, истиғфар оқиды (кешірім тілейді).
Ата-ананың қатаңдығына сабыр ету керек. Ата-анаға, қайын ата мен енеге құрмет пен қызмет ету бірінші міндет болу керек. Ата-ана мен жақын туыстарға барып тұру керек. Олармен ара-қатынасты үзіп қою күнә болады. Олардың көңілін сұрап, көмек беріп тұру керек. Олардың реті мынадай:
Алдымен ана, әке, бала, ата, әже, бауыр, көке, қызапа, таға және нағашы әпке. Бұлардан кейін олардың балалары, одан кейін неке арқылы туыс болғандар, ең соңында көршілер.
Қайтыс болғандарға дұға етіп, Аллаһтан кешірім сұрау керек, қайырлы істер істеп, сауабын олардың рухтарына бағыштау қажет.
Мақала "Түркістан күнтізбесі 2014" алынған