Аяққа қадалған жебе
Аяққа қадалған жебе

Пайғамбарымыздың (с.ас.) сүйікті күйеу баласы хазреті Әли (р.а.) намаз оқып жатқанда дүние астаң-кестең болса да хабары болмайтын. Бір соғыста хазреті Әлидің аяғына садақтың жебесі қадалып қалады. Жебенің сүйекке кіргені соншалық, шығару мүмкін болмайды. Дәрігерлер: "Бұл жебені алу үшін адамды есінен тандыратын дәрі қолдану қажет. Сонда ғана алуға болады. Әйтпесе шыдау қиын болады" - дейді. Сонда хазреті Әли: "Ондай дәрінің қажеті қанша. Одан да намаз уақытын күтейік. Намаз оқыған кезде аларсыңдар" - дейді. Намаз уақыты кіргенде хазреті Әли намаз оқуға тұрады. Сол кезде дәрігер хазреті Әлидің аяғын кесіп жебені алып тастайды. Жараның бетін байлап болған соң, хазреті Әли намазды бітіріп: "Алып тастадыңдар ма?" - деп сұрайды. Дәрігер: "Иә, алып тастадым" дейді. Сонда хазреті Әли: "Ешқандай нәрсе сезбедім" - деген екен. 

Мұнда таң қаларлық не бар? Өйткені Юсуф Пайғамбардың сұлулығын көрген Мысыр әйелдерінің қайран қалғандығы соншалық өздерін ұмытып кетіп, қолдарын кесіп алғанынан да хабарлары болмаған. Егер Алла Тағаланың құзырында тұру, махаббатына бөленген ғашықтарын өз-өзін ұмытатындай халге түсірсе, оған таң қалудың қажеті жоқ.

 

Дерек көзі "Түркістан" күнтізбесі.

Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
9 жыл бұрын 3473
2 пікір
  • Керемет! Машалла! Ол кісілер үшін намаз - көздің нұры, жүректің емі ғана емес, жараның да дауасы болған екен ғой.
    9 жыл бұрын
Блог туралы