Ең әуезді әрі ең әдемі - ол азан үні. Азанның үні тәтті. Аллаһтың қалауымен оны естіген адам тілек тілесе, қабыл болады. Біздің Ақтау қалалық "Бекет ата мешіті" жадында тұратын қала тұрғындары қандай бақытты десеңізші. Өйткені, олар әр күн сайын азанның үнін естіп, дұға тілейді. Алайда кейбір адамдар оны түсіне бермейді. Жұртышылық азанның әкелетін пайдасын біле бермейді.
Менің үйім мешіттен алыстау орналасқандықтан, азанның үні баяу естіледі. "Бекет ата" мешіті есігін алғаш ашқанда, мектеп оқушысы болатынмын. Алғашқы рет сыныптастарыммен барған болатынбыз, ерекше әсер алып қайтқан болатынбыз. Әйелдер жағына барып, отырған кезде намаз уақыты да кірген болатын. Азан шақыра бастады. Азанның даусынан үрейіміз қашып, алғашында жүрегіміз аузымызға тығылды. Сәлден соң жүрегіміз орнына келіп, басылған соң, іштей дұғада болдым. Аллаһқа сансыз мадақтар мен мақтаулар болғай. Рахымды Аллаһ тағала дұғамды қабыл етті. Сол жағдайдан соң мешіттерге деген сый құрметім бұрынғыдан да бетер жігерлене түсті. Асылында мешітке басқан әр қадамыңа сауап жазылатыны еш күмәнсіз. Бейбітшілік орнаған елімізде азан үні өшпей, Аллаһ тағала елімізге тыныштығы мен амандығын нәсіп еткей!
Диана Кошкинбаева
Әбділда Тәжібаев
Естуші едім ауылда
Молдамыздың азанын.
Азан үні шыққанда,
Кетіріп жол тозаңын -
Намазға жұрт баратын,
Мешіт лық-лық толатын,
Барлық мойын иіліп,
Барлық қабақ түйіліп,
Тірлік қамын ұмытып,
Бір аллаға сыйнып -
Құблаға жұрт құлайтын,
Иман, ұжмақ сұрайтын.