Мақала "Мұсылман отбасының негіздері" кітабынан алынған.
"Білекті бірді, білімді мыңды жығады"
|
Куфа қаласында бір отбасы өмір сүріпті. Отағасы тым тынышсыз, пәле іздегіш болыпты. Қисынсыз жерден сылтауратып, үйдің берекесін алып, бала-шағасының құтын қашырады екен. Әйелі құрдай жорғалап күйеуінің қабағын бағып жүреді. Сонда да қатыгез күйеуі сылтау тауып әйелінің мазасын ала береді. Бір күні ол әдетінше ашуына мініп келген бойы әйеліне: "Маған бір килә тұз салып тамақ пісіресің, піскеннен соң тамақтан ешқандай тұздың дәмін сезбейтін болайын, әйтпесе сені талақ етем", - деп талап қояды. Есі кеткен әйел кімге барарын білмей дал болады. Ол есімі халық аузынан түспейтін Имам Ағзам Әбу Ханифа деген өте білгір ғалым кісі бар екенін еститін. "Бір кісі шессе, сол шешер", - деп Ұлы Имамның үйіне тартады. Имамның алдына етегі жасқа толған күйі кіріп, мән-жайды баяндайды. Ұлы ғалым әйелдің мұңын тыңдап болғаннан кейін: " Мұның жарасы жеңіл. Үйіңізге барыңыз да, бір тереңдеу тостаққа құр судың өзін қайнатып, бір килә тұз салыңыз. Артынан сол суға жұмыртқа салып асыңыз да, еріңізге беріңіз. Асылған жұмыртқадан тұздың дәмі білінбейді", - дейді. Әйел қуанып үйіне қайтады.
1 пікір
-
Марфуға ШапиянМа ша АЛЛА! Не деген тапқырлық!9 жыл бұрын
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 жыл бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 жыл бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 жыл бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 жыл бұрын2024, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.