Хазреті Әбу Бәкір
Хазреті Әбу Бәкір

Бір күні расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәс сәләм) асхаби кираммен отырған еді. Сөз арасында хазіреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһ): "Йа Расулаллаһ! Сіздің құрметіңіз үшін, өмірімде ешқашан пұтқа сәжде еткен емеспін" дейді. Хазреті Омар (радиаллаһу анһ): "Не үшін Расулуллаһтың құрметі үшін деп айтасың. Қаншама жыл жахилийа (надандық) дәуірінде өмір сүрдік", дейді. Сонда хазреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһ) басынан өткен мына оқиғаны айтып береді: "Бір күні әкем Әбу Кухафа мені пұтханаға апарып: "Бұлар сенің илаһың (тәңірің), оларға сәжде ет" деді. Мені сол жерде қалдырып, шығып кетті. Мен пұттардың жанына барып, менің қарным аш, маған жейтін нәрселер бер, дедім. Жауап бермеді. Су сұрадым, жауап бермейді. Киімім жоқ, маған киім бер дедім, жауап бермеді. Қолыма бір тасты алып, мына тасты саған лақтырамын, егер тәңір болсаң өзіңді қорға, дедім. Оған да жауап бермеді. Қолымдағы тасты пұтқа лақтырып жібергенімде етбетімен жерге құлады. Сол кезде әкем келіп: "Ей бала! Не үшін олай істедің" деп ұрысты. Қолымнан ұстап, үйге апарып, анама болған жағдайды айтып берді. Анам:"Оны өз жөніне қалдырайық. Ол туралы Аллаһу тағала тарапынан үндей келген" деді. Кейін анамнан: "Мен жайлы сізге келген үндеу қандай еді", деп сұрадым. Анам: "Сені босанарға аз уақыт қалған күндердің бірінде, қатты ауырып қиналдым. Сол кезде: "Ей әйел! Саған сүйіншілер болсын. Сенен бір ұл туылады. Оның жердегі есімі Атик, ал көктегі есімі Сыддық. Ол хазреті Мұһаммед (саллаллаһу алейһи уәс сәләмның) көмекшісі және досы болады" деді. Әбу һурайра (радиаллаһу анһ) айтады: Әбу Бәкір (радиаллаһу анһ) сөзін аяқтаған кезде Жәбірейіл (алейһиссәләм) түсіп, расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәс сәләм): "Садиқ Әбу Бәкір" деді. Яғни Әбу Бәкір шындықты айтады, деп үш рет қайталады.

 

Мақала "Түркістан күнтізбесі 2014 жыл" алынған

Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
9 жыл бұрын 3568
0 пікір
Блог туралы