Бір күні Әбу Осман (р.а.) мен Салман (р.а.) екеуі бір ағаштың түбінде көлеңкелеп отырды. Салман әлдебір құрғақ бұтақты сындырып алды да, жапырақтары түскенше желпи бастады. Әбу Османға қарап: "Менің неге бұлай жасап отырғанымды сұрамайсың ба?" - деді. Ол: "Иә, неге?" - деді. Салман: "Бір күні Аллаһ елшісімен бірге осылай бір ағаштың астында саяладық. Ол тап мен сияқты қураған бұтақ алып жапырақтары түскенше желпи бастады. Маған қарап: "Салман, неге бұлай жасап отырғанымды сұрамайсың?" - дегенде, мен де "Айтыңыз, уа, расулаллаһ?" - дедім. "Бір мұсылман жақсылап дәрет алып бес уақыт намаз оқыса, мына түскен жапырақтар сияқты күнәларынан арылады", - деді де, артынша: "(Мұхаммед) күндіздің екі жағында, (таң мен екінті намазы) Түннің күндізге таяу кезінде, (ақшам мен құптан) намзын толық орында. Анығында жақсылықтар, жамандықтарды жояды. Бұл ойланғандар үшін насихат" - деген.
Мақала "Күнтізбе - 2013" алынған (ҚМДБ)