«Керуен келгенде»
«Керуен келгенде»

Күн жұма еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) мінбеге шығып құтпа оқи бергені сол екен, қалаға әр түрлі тағамдар артып, маңайын ойын-сауыққа бөлеп бір керуен кіріп келе жатты. Жұрттың дені жастар мен дінді жаңа қабылдаушылар еді. Оның үстіне ол уақытта қалаға керуен сирек келетін болғандықтан, мұндай оқиғадан ешкім қалыс қалғысы келмейтін. Отырғандардан жастар жағы бастап қала орталығына қарай жүре бастады. Бірте-бірте мәжіліс сөгіліп, мешітте Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге Омар (р.а.), Әбу Бәкір (р.а.) бастаған он шақты адам ғана қалды. Бұл оқиға төмендегі мына аяттың түсуіне себеп болды: «Олар пайда немесе көңіл көтерер әлдене көргенде, сені хұтба оқып тұрғаныңда тастап кетті. Былай де: Аллаһтан ақыретте болатын нәсіп бұл дүниедегі көңіл көтеру мен саудадан да пайдалы. Аллаһ ең жақсы рызық беруші».

 

  Мақала "Күнтізбе - 2014" алынған (ҚМДБ)

Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
9 жыл бұрын 3125
2 пікір
  • Аллаһ ең жақсы рызық беруші
    9 жыл бұрын
  • Иа, бүгін де барлық жерде осындай көрініс. Бірақ айырмашылығы, бүгінгілер дүниелік істерімен қолдары тимей, дін насихат орындарына тіпті де бас сұқпай кетті. Ақыреттік нәсібімізден құр қалмас үшін әрекет етейік...
    9 жыл бұрын
Блог туралы