Республика
Республика

Нағыз егемендік пен әділдікке сүйенген республика басқарудың жоғарғы һәм сенімді түрі болумен қатар аса нәзік жүйе де. Оның осы негізгі ерекшеліктерінің сақталуына басты назар аударылмаса, ол имансыздық пен анархияны тудырады.

Нағыз республика - рухы кемелденген жандарға тән басқару жүйесі және адам баласының абырой мәртебесіне лайық форма. Ал әлі кемеліне келмеген пәс Рух иелері үшін ол шөлдегі сағым немесе өмір сүруіне қолайсыз күрке сияқты.

Республика адамды кәмілдікке жеткізетін құндылықтар арқылы әуелі оның рухани әрі ақыл-ой кәмілдігінің шыңына шығуына жағдай жасайды. Содан соң оны өзінің өнегелік қасиеттерімен және ар-ожданымен оңаша қалдырады. Сол кезден бастап әрбір адам үйде немесе түзде болсын ерік-жігері мықты жан иесі ретінде ұдайы жақсылық пен ізгілікті ойлап, жоғарғы адами құндылықтарды өзіне бағдар етеді.

Республика өзінің құрылымын, мәнін терең сезіне алатын жандарды қажет етеді. Оның мәжілісі даналар мен ойшылдардың мәжілісі сияқты байсалды, ал қызметі қара қылды қақ жаратын сот сияқты шыншыл да әділ болуы қажет. 

Мақала "Күнтізбе - 2013" алынған (ҚМДБ)

Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
10 жыл бұрын 3674
6 пікір
Блог туралы