Азамат болу ердің ісі
Азамат болу ердің ісі

Азамат болу әсте оңай емес, азамат болған соң, жауапкершілігі де үлкен. Ал, мүмін ер үшін жауапкершілік екі есе әрі кетсе төрт есе болмақ. Алла Тағала ер адамның әйел адамына қарағанда үлесін зор етіп, мәртебесін бір сатыға жоғары қойып қойған екен. Бірақ, қазіргі таңда осындай биік мәртебеге лайық болып жүрген азаматтар арада көп пе?! Қазіргі заманға сай мүмін ердің бойында қандай қасиеттердің қалыптасуы керек, осыған тоқтала кетейік. 

  • Кез-келген мүмін ер, адамзаттың асыл тәжі болған Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (саллаллаху алейхи уәссәләм) ны үлгі тұтып, көркем қасиеттерінің бірін болса да иемденуге дұға етіп, күш жігер салғаны абзал. 
  • Сөйлеген сөзі қысқа әрі мағыналы болғаны жақсы. Күлген кезде, ақырын ғана дауысын қатты шығармай, сүннет бойынша жылы жүзбен жүрсе нұр үстіне нұр болады. 
  • Дөрекілік танытпау. Кез-келген жағдайда өз-өзін ұстай білу, өте қиын. Дегенмен, өзінікі дұрыс болсадағы, бір қадам артқа шегеріп, сабырлықты таңдап, үнсіздікті билесе, кез-келген жағдайдан шығар жол табылады Алланың қалауымен. 
  • Әйел затына, мейлі намазхан болсын, мейлі өзге ұлттың әйел азаматшасы болсын, дауыс көтеруге не болмаса қол сұғуға болмайды. Алла Елшісі (саллаллаху алейхи уәссәләм) әйел затын шыныға теңеп, өте құрметтеген және құрметтеуді бұйырған екен. 
  • Әр адам баласы үшін өз туған жерін, туған елін сүю, қадірлеу керек. Еліне, туған жеріне үлесін қосып, еңбек етуі қажет. Туған жер, туған топырағың туған анаңдай болады. Ардақты Елшіміз (саллаллаху алейхи уәссәләм) Меккеден Мәдинаға қоныс аударғанда, өз туған жерін қатты аңсайтын. Туған жерді сүю - иманнан. Бұны әр азамат білуі тиіс.
  • Ер азамат ұятты болу керек. Ұятты жерін және тілін қорғау ердің ісі болмақ. Кез-келген әйелмен сөйлескен кезде, көз жанарын жәй ғана төмен түсірген абзал. Бұл көздің зинасынан қорған болады. 

Әр кезде мүмін ер үшін әдептілік, салмақтылық, байсалдылық, батырлық, қарапайымдылық, еңбекқор, ізеттілік, үлкенге деген құрметтілік, имандылық, тақуалық қасиеттері арқылы ортада құрметтелген. Өйткені, Алла Тағала бұндай адамды өзгелерден дәрежесін жоғары қояды. Нағыз азаматтың бұл азғантай ғана сипаттамасы. Әр азамат өзінің бойындағы кемшіліктерді түзеп, жақсы қасиеттерін қалыптастырып, оғаш әдеттерін көркем мінезге айырбастаса, еңбек етсе, нағыз ердің көтерілер биік шыңы алыс емес Алла қаласа.

Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
9 лет назад 12559
0 комментариев
О блоге