Мақала "Күнтізбе - 2014" алынған (ҚМДБ)
Балаларға деген сүйіспеншілік
|

Пайғамбарымыздың он жыл қызметінде болған Әнәс (р.а.) былай дейді: "Бала-шағасына Пайғамбарымыздан артық мейірімді жанды көрмедім". Бір хадисінде былай деген: "Балаларыңды көп сүйіңдер. Себебі, сүйген сайын жәннаттан бір дәреже беріледі. Әрбір дәреженің ара қашықтығы бес жүз жыл. Періштелер әр сүйгендеріңді санап, жазып отырады". Бір күні Алла елшісі (саллаллаһу алейһи уәссәләм) немересі Хасанды өбектеп, сүйгіштеп отырғанда, қасына келген Акра ибн Хабис: "Ойпырмай-ай, менің бір емес он балам бар, ешқайсысын әлі күнге басынан сипап, маңдайынан сүйген емеспін!",- дейді таңданып. Сонда Пайғамбарымыз: "Сен басқаларға мейірімділік танытпасаң, Алла Тағала да саған мейірімділік көрсетпейді", - деген мағынада жауап қатады.Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәссәләм) балаларды райхан гүліне ұқсатып, ал иісін жәннаттың иісіне теңеген. Немерелерін жиі-жиі қасына шақырып, бауырына басып, мейірлене иіскейтін. Тіпті кейде оларды құшақтап, сүйгеннен кейін: "Я, Алла Тағалам, бұларды мен жақсы көремін, Сен де оларды жақсы гөр!"-деп дұға ететін. Бөлмесіне ешкім кірмесін деген уақыттарды да немерелері кірсе қарсылық танытпайтын. Тіпті мешітте жамағатпен намаз оқып жатқанда, немерлері келіп ұмар-жұмар үстіне асылып ойнайтын.
0 комментариев
О блоге
Прямой эфир
-
Ернар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."2 года назадБөгенбай ЗИЯЛЫ добавил(-а) новую запись: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."2 года назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."2 года назадNurqanat Baizaq добавил(-а) новую запись: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."2 года назадЕрнар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."2 года назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."2 года назад2025, Islam.kz - национальный, духовно-просветительский портал
Использование материалов разрешается при условии ссылки на islam.kz.