Балалық шаққа сапар
Балалық шаққа сапар

Балалық шақ, балдай тәтті қайта оралмас шақ, шіркін ең тамаша кезең шығар әр адамның өміріндегі. Ата-әжесінің ыстық құшағы, жылы сөздері, тәтті кәмпиттері мен ақ дастарханы, бәрі бәрі Алланың мейіріміндей. Бала кезімде, кәкеммен әжемнің үйіне көп барушы едім. Кәкем ертеректеу озып кетті бұл фәниден, дегенмен жүзі әлі есімде. Күй тартушы еді. Үйдің асыраушысы болған, жақсы адам еді. 
Кешқұрым, әжемнің пісірген бешбармағын ақ дастарханға отырып жеуші едік. Бешмармаққа тойып ап, кете барсаң, сорпа іш, ішпесең қасқыр боп кетесін деуші еді. Асылы, әр ата-әже көргендер сол сөздерді есіне түсіретін шығар. Тағы кішкентай бөлем бар, ол кәкенің қызы, мен әженің қызымын деп марқайып отырушы едік. Шіркін, сол күндер қайда кетті десеңші... Әжем, өзі қолынан келмейтіні жоқ еді тоқитын, көрпе тігетін, тамақтың ең дәмдісін пісіретін. Бөлем екумізді алдына әкеп қойып әндетіп концерт ойнатушы еді. Қолымызда микрофонымыз жоқ, бір ойыншықты ала салып гәкулетіп, куә бол әндерін айтып әжеміздің бәрекелді деген мақтауларына қанығып, бір қуанып қалушы едік. Әжемнің айтуы бойынша мен сондай жуас боп өсіппін, өзімен-өзім ешкімге кедергі болмайтынмын, өлең айтса кішкене ғана қосылып билеуші едім. Адам кішкентай кезінде тәтті болады ғой, аппақ, кінә атаулыдан пәк. Раббым бізді сондай таза ғып Жәннатқа кіргізсе екен деп тілеймін. Он жасымда кәләма шаһадат үйреткен болатын. Әжеме сол үшін алғыс айтқым келеді, алғысым ретінде оған дұға бағыштау міндет және парыз мен үшін. Әжемнің бұрынғы істеген жұмыс орындарына барған сәтте еріксіз көзге жас берем. Өйткені, ол ұмытылмастай боп қалды, ұмытылмастай боп қалса екен. Алла Тағала маған пәк ұрпақ нәсіп етсе, оларға өзімнің әжем, кәкем туралы ең жақсы сөздерді айтып бергім келеді. Мейлі олар арамызда болмасын, бірақ мәңгілікке жүрегімізде қалары сөзсіз. 
Тәттінің ең жақсысын алдыма төгіп беруші ең 
Ас ішпей қойғанда, жемістен алып беруші ең 
Бойыма ұятты дарытып, ақылды көп айтушы ең 
Тыңдадым ба сол кезде мен сені асыл әжем 
Жылы қолыңды ұстап, жылынушы ем 
Сағынышпен еске аламын сол күндерді 
Қуанышпен еске аламын сол шақтарды 
Көп үйреттің, көпті көрген жан едің сен 
Әже сағыныппын сені, бұл күндері мен 
Арамызда болғанда, үйренер ең Алланың кәләмын сен 
Бес уақытта бес намаз бірін қаза қылмас па едің?! 
Ал қазір байлаулы сенің қол аяғың, тілің де 
Шөлдемесін деймін саған, дұға қылам әр жұма 
Рақымына алса деймін Жаратушымыз Алла! 
Мәрхамәт қыл, кешіре гөр, рақымыңа алсайшы 
Деп тілеймін әже саған, еріксіз төгіп жасты.... 

Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
8 лет назад 4453
0 комментариев
О блоге