Дүкендердің тексерілуі
Дүкендердің тексерілуі

Бір күні Фатих Сұлтан Мехмед хан қарапайым киім киініп, базарға шығады. Заттардың бағаларын тексеру үшін бір дүкенге кіріп:

- Жарты батман май берші, - дейді. Майды алған соң:

- Бал бар ма? - деп сұрайды. Сатушы:

- Бар, бірақ оны қарсымыздағы дүкеннен аласың!

- Неге сен бермейсің?

- Үнемі менің пайда көруім дұрыс емес. Мен бүгінгі табысымды таптым. Басқа сатушылардың да бала-шағалары бар, олар да пайда көрсін. Фатих Султан Мехмед хан балды қарсы беттегі дүкенге кіріп алады. Тағы сонымен қоса тұз, сабын алмақшы болады, бірақ бұл сатушы да бірінші сатушы сияқты жауап береді. Фатих Султан Мехмед осылайша үйіне қажетті заттарды алу үшін он бес дүкенге кіріп шығуға мәжбүр болады. 

 

Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
8 лет назад 3367
0 комментариев
О блоге