«Иман және ізгі амал»
«Иман және ізгі амал»

Байқап қарасақ, аятта да, хадисте де алдымен иман содан соң өзге жақсы істер аталған. Ислам тарихын ақтарсақ, сүйікті пайғамбарымыздың (с.а.с.) өз үмбетіне алдымен иманның негіздерін үйретіп, содан кейін өзге рухани құндылықтарды түсіндіргенін көреміз. Мәселен, пайғамбарымыз (с.а.с.) Муаз ибн Жәбалды Йеменге аттандырып тұрып: «Муаз, Йемен жұртшылығын алдымен Алладан өзге тәңір жоқ екеніне және менің Алла елшісі екеніме иман етуге шақыр. Егер осыған сенсе, күніне бес уақыт намаз оқу парыз екенін айт. Одан кейін байлардан алынып, кедей-кепшіктерге берілетін зекет жайлы хабар бер» деген.

Әрине, намаздың өте маңызды құлшылық екені ақиқат. Бірақ иманның шарттары толық қабылданбай, ешбір ғибадат өз орнын таппайтынын естен шығармауымыз керек. Өйткені иман бізді жоқтан бар еткен, ақыл-сана сыйлаған ұлы Жаратушымызға басыбайды беріліп, бойұсыну және Алланың сүйікті елшісі, екі дүниенің мырзасы, ардақты Мұхаммед пайғамбарға (с.а.с.) үмбет болып соңынан еру дегенді білдіреді. Міне, сондықтан таразының бір басына иманды, екінші жағына бүкіл дүниені қойса, сөзсіз иман басым түседі. Бір адамның иманмен қауышуы жер бетіндегі бар жақсылықтан қайырлы болуы да осыдан. «Лә иләһә илләлләһ, Мухаммадур расулулаһ» деген кәлимада осындай қуат бар.

 

Мақала "Күнтізбе - 2014" алынған (ҚМДБ)

Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
9 лет назад 3861
0 комментариев
О блоге