Жақсы мінезді болу
Жақсы мінезді болу

Хадис шәрифте: "Дүниеде мәңгі қалатындай емес, жолаушы сияқты өмір сүру керек" делінген. Адам дүниеде мәңгі қалмайды. Дүниелік қызықтарға берілген сайын дерт, қайғы, қиындықтар арта түседі. Төмендегі хадистерді ұмытпау керек:

"Ғибадаттары аз болған құл жақсы мінезімен қияметте жоғары дәрежелерге жетеді". "Ғибадаттардың ең оңайы және ең пайдалысы - аз сөйлеу және жақсы мінезді болу". "Құлдың ғибадаттары көп болса да жаман мінезі оны тозақтың түбіне түсіреді. Кейде күпірлікке апарады". "Жақсы мінезді толықтыру, орнату үшін келдім".

Бір адамның күндіз ораза тұтып, түнде ғибадат ететіндігі, бірақ мінезі жаман екендігі, көршілеріне, достарына тіл тигізетіндігі туралы айтылған кезде пайғамбарымыз: "Бұлай болу дұрыс емес. Баратын жері - тозақтың оты" деді.

Сәмауи діндердің барлығында жақсы мінез туралы айтылған. Ислам діні осыларды толықтыру үшін жіберілді. Бұл дін бар кезде жақсы мінез туралы айтатын басқа кітаптың, басқа адамның қажеті жоқ. Сондықтан Мұхаммед пайғамбардан (саллаллаһу алейһи уәс сәләм) кейін пайғамбар келмейді.

"Жақсы мінезді адам дүние мен ақыреттің бақытына қауышады". 

"Келбеті мен мінезі жақсы адамды тозақ оты жақпайды".

"Өзінен алыстағандарға жақындау, зұлымдық жасағандарды кешіру, өзіне ештеңе бермегендерге сый көрсету - жақсы мінезді болудың дәл өзі". "Жақсы мінезді адам денесіне, малына, намысына зиян келтірген адамды кешіреді". "Ашуланған кезде жұмсақ әрекет жасаған адамның жүрегін Аллаһу тағала сенімділік пен иманға толтырады".

Жамандық жасағанға жақсылық жасау - ең жақсы мінез, кемел адам болудың белгісі және дұшпандарды досқа айналдырады. Имам Ғазали былай дейді: "Інжілде көрдім. Иса пайғамбар былай деген: "Жамандық жасаған адамға жамандық қайтарма. Бір бетіңді ұрған адамға екінші бетіңді тос. Сырт киіміңді алған адамға шалбарыңды да бер".

 

Мақала "Түркістан күнтізбесі 2014жыл" алынған

 

 

Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
10 лет назад 6396
3 комментария
  • Жақсы мінез туа бітті болады-ау, ал болмаса сабырлықпен, тәжірибемен келетін сияқты. Өз ойым, мүмкін менікі дұрыс емес те шығар.
    10 лет назад
  • Балаға әке-шешесінің бойындағы мінез бен тәрбие зор ықпал етеді. Бірақ осы қалыптасқан мінезді өзгерту мүмкін ба ?
    10 лет назад
  • Мен мүмкін деп ойлаймын, бірақ мінезім осы деп отыратындар да бар. Мен оны өр- көкіректік деп ойлаймын. Төмендегісі келмейтін сияқты. Жақсы мінез танытуға да сабырлық керек сияқты.
    10 лет назад
О блоге