Пайғамбарымыздың жүзім жеуі
Пайғамбарымыздың жүзім жеуі

 Бір күні әлемдердің сұлтаны Мұхаммед Мұстафа (саллаллаһу алейһи уәссәләм) жүзім жеп отырған еді. Пайғамбарымыздың жүзім жеуі сахабаларының назарына ілігеді. Сүйікті пайғамбарымыз бір бау жүзімді асты жағынан бастап жеп отырған еді. Сахабалар таң қалып: "Йа расулаллаһ, не үшін жүзімді асты жағынан бастап жеп отырсыз?"-деп сұрайды. Сонда сүйікті пайғамбарымыз: "Астындағы жүзім даналары майда-майда және дәмсіз екен. Ал үстіңгі жағындағылары өте дәмді әрі ірі-ірі екен. Асты жағынан бастауымның себебі, үсті жағына жетіп барғанша бір досым келіп қалса соған берейін деп, асты жағынан бастадым" деп жауап береді.
Біз үнемі өзімізді ойлайтындар, қазіргі күнде пайғамбарымыздың осындай көркем ахлақына өте мұқтажбыз.

Мақала "Түркістан" күнтізбесінен алынған.

Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
9 лет назад 3886
0 комментариев
О блоге