Құтылған әйел
Құтылған әйел

Хазіреті Айша анамыз (р.а.) мына бір оқиғаны айтып берді:

"Түсімде Қияметті көрдім, құлдардың амалдары таразыға тартылып жатқан екен. Бір әйелдің амалдарын таразыға тартқан еді, Ухуд тауынан да көп болды. Сосын "Бұл әйел Зафират-ул-Адуиа" деген дауысты естідім. Оянғаннан кейін оны іздеп барсам, қағбаны тауаф етіп жатқан екен. Оған:

- Мүміндердің анасы сені іздеп жатыр еді, - деп хабар берілді.

- Қазір, тауафымды бітіріп барамын, - деді. Тауаф етіп болып келді, Айша анамыз оған:

- Сауабы Ухуд тауынан да көп болатындай қандай амал істеген едің? - деп сұрайды.

- Үйіме келіп бір нәрсе сұраған адамдардың ешқайсысын бос қайтарған емеспін және әр пісірген тамағымнан міндетті түрде жетімге де беретінмін. Және үшіншісі, муәззин әр азан айтқанда, мен де артынан қайталайтынмын, сосын намаз оқитынмын, - деді. 

Хазіреті Айша Сыддықа былай деді: 

- Қағбаның Раббысы болған Аллаға ант етемін, сен құтылыпсың және сен сияқты өмір сүргендер де құтылды.

 

Мақала "Түркістан" күнтізбесінен алынған.

Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
9 лет назад 3408
0 комментариев
О блоге