Тігіншінің тәубесі
Тігіншінің тәубесі
Бір тігінші Алла Тағала құлдарының бірінен: 
- Пайғамбарымыздың "Алла Тағала күнәһар құлының тәубесін, жаны алқымына келгенге дейін қабыл етеді" деген хадис шәрифі туралы не айтасыз? - деп сұрайды. Ол жауап бермей тұрып одан сұрайды:
- Сенің мамаңдығың не?
- Тігіншімін, киім тігемін.
- Тігіншілікте ең оңай нәрсе не?
- Қайшымен матаны қырқу.
- Қанша жылдан бері бұл іспен айналысасың?
- Отыз жылдан бері.
- Жаның алқымыңа келген кезде матаны кесе аласың ба?
- Жоқ, әрине, кесе алмаймын!
- Біраз қиналып, үйреніп және отыз жыл бойы қиналмай істеген ісіңді сол кезде істей алмасаң, өлеріңде еш жасап көрмеген тәубені ол кезде қалай жасамақсың? Бүгін күш-жігерің қолыңда тұрған кезде тәубе ет, кейін ол кезде тәубе ете алмауың мүмкін, - дейді. Тігінші осы сөздерден кейін дереу тәубе етті. Салих құлдардан болды.
 

Дерек көзі "Түркістан" күнтізбесі.

Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
9 лет назад 3300
1 комментарий
О блоге