Алланың атымен тағы бір игі іс
Алланың атымен тағы бір игі іс

Әссәләму алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһу жамағат!

Алла Тағала Құранда: "Жақсылық жасаңдар, сонда нағыз жетістікке жетесіңдер (яғни, о дүниеде тозақ азабынан құтылып, шексіз нығметке бөленесіңдер)" ("Хаж" сүресі, 77-аят). Құран Кәрім өмір заңы ретінде бауырластық пен өзара қарайласуды негізге алған. Алла Тағала әлемге рақым етіп Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) жіберді. Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) күн демей, түн демей, біз үшін көз жасын көл төкті, дұға қылды. Қолда бар нығметіміз Сол кісінің (с.а.с.) арқасында, ұмытпау керек. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өте жомарт кісі болған және бізге өзінен төмен бауырларына қарайласуды бұйырған.

2015 жылдың шілде айында Қасиетті Ораза айында және Құрбан айт мерекелерінде жағдайы бізден төмен Африка еліне сіздің көмектеріңіз бен дұғаларыңыздың себебімен зекет жіберген болатынбыз. Бұл жолы да Алланың атымен, сіздің көмектеріңізбен Африка елінің Бонпарки аймағына "Құдық қазып" беруге тәуекел етіп, бел будық. Су тапшы елге құдық қазып берсек, бір бүлдіршіннің болса да өмірін аман сақтап қалуға себепші болар едік. Қаражат толық жиналысымен, құдық қазу жұмыстары басталады деген үміттеміз.

Баршамыз бір ауыздан аздап болсада қаражат жинасақ, еш қиындықсыз игі ісімізді Алланың қалауымен бітіреміз деген тілектеміз. Қаражатты келесі банк шоттарына жіберуге болады:

Kaspi bank: 4863 9008 4057 0377
БТА Банк: 4107 2615 1014 9729
ИИН: 761210300814

Егер сұрақтарыңыз болса келесі сілтемелер арқылы жекеге шығуыңызға болады:
https://vk.com/id321594231
https://www.facebook.com/djanansultan (Diana Muslimka) 
@djanansultan

Алла Тағала баршаңызға разы болғай игі істерді молынынан нәсіп етіп, сауаптан жазғай. Екі дүние жақсылығын сыйлағай!

Африка, көмек, су
Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
8 жыл бұрын 3678
0 пікір
Блог туралы