Мәжнүннің көзімен қарау
Мәжнүннің көзімен қарау
Арап патшаларының біріне бақсылары Ләйли мен Мәжнүннің оқиғасын айтып береді. Мәжнүнді "Мұншалық даналығына, шешендігіне қарамай, ерік жігерінің тізгінін қолдан жіберіп, ақылынан алжасып шөл-дала кезіп, қаңғып кетті" деп жамандайды.
Патша Мәжнүнді қасына шақыртып: "Сен адам сияқты өмір сүруден бас тартатындай адамдық мәртебеден не жамандық көрдің?" - деп сұрайды. Мәжнүн: "Менің қаншама достарым "Ләйлины неге сонша жақсы көресің" деп айыптайды. Егер өздері оны бір рет көрсе, менің жағдайымды түсінер еді", - дейді.
Патша осыншама ақылдан алжасуға себеп болған сұлулықтағы Ләйлины бір көргісі келеді. Нөкерлеріне қызды тауып әкелуді әмір етеді. Қызметшілері арап тайпаларының арасынан іздеп жүріп, Ләйлины тауып, патшаның алдына әкеледі. Ерекше сұлулықтағы, әсем келбетті бір аруды күткен патша қызды көргенде үміті сарқылады. Ләйли қарапайым қара торы, арық қыз болып шығады. Қыз патшаның көзіне ұсқынсыз болып көрінеді. Таң қалатындай сұлулығы жоқ еді. Мәжнүн патшаның көңіліне не келгенін түсініп: "Патшам, Ләйлиға Мәжнүннің көзімен қарасаңыз ғана теңдессіз сұлу екенін көре аласыз" дейді.
 
 

Дерек көзі "Түркістан" күнтізбесі.

Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
8 жыл бұрын 3233
1 пікір
Блог туралы