Анама тілек
Анама тілек

Жүзіңнен нұр төгіліп, күлімдейсің анашым, 
Ақылдысың, данасың, құрметімсің анашым. 
Өмір қиын сынағын көтере білдің әрдайым, 
Бұл әлемде өзіңдей табылмасы жан барма?! 
Мейірімді азизім, аман жүрші әрдайым. 
Ауырғанда қиналып, дұға қылып Алладан. 
Шипа сұрап Раббымнан, көз жасыңды төгесің. 
О, Тәңірім, Уа Раббым! Риза болшы анамнан, 
Екі дүние бақытын бере гөрші Ар-Рахман! 
Ана деген жақсы ат қой, мәңгі соқсын жүрегі! 
Жарылқашы алды-артынан, ғұмыр берші ұзақтау. 
Орындалсын арманы, тілегі мен дұғасы, 
Нәсіп етші анама, ұлы сапар жолына! 
Парыздардың абзалы бесіншісі қажылық, 
Орындалса тілегі, бақытты ғой бақытты...

Диана Есейқызы 

29 қараша 2016 жыл.

Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
7 жыл бұрын 14173
0 пікір
Блог туралы