Тәубе өлеңі
Тәубе өлеңі

Неге бүгін мұңайдым?
Кеше шаттанып жүрдім!
Күлдім, ойнадым, арман тілек ойладым
Ал бүгін барлығы мұңлы, тіпті аспан да мұңлы.
Бәлки бұл сынақ болар,
Бәлки тазару керек болар маған?
Күнәдан, былпырт сөзден, жаман ойдан, әдепсіз істен.
Түсінбеймін, неге жалғызбын деймін?
Раббым әр кез қасымда, бұрсамдағы жүзімді мен шығыспенен батысқа.
Бәрі-бір Ол әрдайым жанымда ғой, жақында
Көріп тұр ғой, Біліп тұр ғой бәрін де,
Бұл күндері ешкім маған демеу болмас Сенен өзге.
Пендешілікке салынбай, ниетімді түзеп ап,
Жаратқанға тәубе қылып, ғафу етші деп сұрап,
Көңілімді бір тарқатып жылап алармын,
Күдерімді үзбей дағы шыдап бағып, қалармын.
Ойлап тұрсам, кейде адамға мұң керек, жалғыздық тағы керек.
Раббысын ойлау үшін, тәубе ету үшін де!
Сонда шығар жол табылар, шыдап бақса егерде!

Диана Есейқызы 12 қараша 2016ж.

 

Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
7 жыл бұрын 3790
0 пікір
Блог туралы