Анашым мен сізді сүйемін!
Анашым мен сізді сүйемін!

Ана махаббаты қандай екен өзі? Осы бір ой келді маған бір сәтке. Ана деген ұлы сөз-ау. Асылында ананың балаға деген махаббаты, баланың анасына деген махаббатынан да биік. Себебі ана деген баласына еш уақытта реніш, кек сақтамайды. Рас, кейде аналар бізді сөгеді, ұрысады, бірақ олардың ашулары қар тәріздес тез ериді, тез тарқайды. Кейде осыны ұқпай, көңіліне қаяу түсіретін бір сөздер айтып қоямыз. Кейін сол үшін өкініп жатамыз. Ал, аналар ше, аналар қазір ұрысса, қазір күледі, жылы шыраймен ғана жимия салса барлық ренішің қайда кетіп қалғанын да байқамай қаласың. Ал, шынына келсек ананың қадірін тек аналы болғанда білесің ғой. Асыл анашыңның көз алдыңда қартайғанын көрсең, қолдарына, мойнына түскен әр бір әжімі, ағарған ақ тал шашы, аяғында іскен тамыры, осының барлығы жүрек түбінен жаралайтын іспеттес. Кейде осы үшін өзіңді жазғырасың, әттең анам үшін бір жақсылық жасасам ғой деп...
Асылында аналардың мінездері жұмсақ жібектей, нәзік гүлдей. Ес жия келе соны ұғасың, сен қуансаң бірге қуанып, сен мұңайсаң бірге мұңайып, қапаланып, өз-өзін қоярға жер таппайды. Сен үшін түн ұйқысын төрт бөлген. Саған жүруді, сөйлеуді, қолыңа қасық ұстауды үйреткен анаңа құрметпен қарау анамыз алдындағы өтелмес парыздарымыздың кішкентай ғана бөлшегі. Аналарымыз біздің жердегі періштелеріміз. Жаратушы Хақ Тағаладан кейінгі қамқоршымыз, жанашырымыз, біздің сырласымыз, құпия сақтаушымызда осы аналарымыз. Осындай қиын да жауапкершілігі мол қызметте жүрген аналарымыз, бізден ақысын сұрамайды. Керсінше біздің тілеуімізді тілеп, әрдайым дұғада болады. Біз кейде осының қадірін түсінбейтініміз өкінішті. Жер бетіндегі аналардың баршасы аман жүрсінші, ешбірі қамқоршысыз қалмасыншы. Қарттар үйіндегі аналар мен аталар қараусыз қалмасыншы. Әр бір жан "Анашым мен сізді сүйемін" деген сөзді жиі айтып, жылы шырай танытса екен деп тілеймін. Анашым мен сізді сүйемін. Ухиббук иа умми!

 

авторы Диана Муслима

 
Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
9 жыл бұрын 5797
5 пікір
  • Ал, аналар ше, аналар қазір ұрысса, қазір күледі, жылы шыраймен ғана жимия салса барлық ренішің қайда кетіп қалғанын да байқамай қаласың.
    аналардың жылы жүзін, аталардың әңгімесін сағындым.
    9 жыл бұрын
  • Менің анам – асыл адам! Қымбат киім киіп, бағалы бұйым ұстамапты. Сейіл құрып, жер-жерді аралап қыдырмапты. Өмір бойы әкем мен әжемнің қамын жеп, қамқорлық істеумен болыпты, дұрысы – қызметтерін жасапты. Осы күнге дейін де әкемнің қал-жайын ойлап (жақсылығын асырып, жаманын жасырып, абыройын қорғап) келеді. Біздерді де (төрт баланы) өсіпріп, тәрбиелеп бақты. (Аллаға құлшылық қылуым керек, сосын ...) Алланың мейірім-рақымымен қасымызда жүрген анамның қарызын өтеуім керек, одан кейін анамның өнегесі бойынша әкемді бағуым керек; ағайын-туысымызмен жақсы мәміледе болуым керек, осы істі артымнан еріп келе жатқан бауырларыма да ұғындырып, үйретуім керек. Анамның дүниелік-ақиреттік сый-құрметі Жәннатта болса екен деп Алланың рамхатынан үміттімін!
    9 жыл бұрын
  • Жақсы жазылған, ойландыратын жазба екен...
    Бірақ, өтініш, "ғо" деп жазбасаңыз?! Қазақ тілінде мұндай сөз де жоқ! Тек қазіргі жастардың "ғой" дегенді қысқартып алған түрі. Бұл жай әлеуметтік парақша емес, бір діни сайттың блогы. Сондықтан барынша әдеби, сауатты жазуға тырысайық!
    Аллаһ разы болсын!
    9 жыл бұрын
Блог туралы