Жүректегі сыр
Жүректегі сыр

Бисмилләһир Рахманиир Рахиим!

Аса Қамқор Ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын! Жоқтан бар етуші Ол Аллаһ аса Ұлық, Дана Иесі!

         Біз Аллаһ тағаланы қанша мақтап мадақтасақта ол аз. Ендеше шүкіршілігімізді жаудырып, Аллаһты тілімізбен зікір етіп, лайым еске алсақ, біз үшін абзалы осы болмақ. 

         Оның жаратқан әрбір жаратылысының өзіндік қызметі бар. Ешбірі себепсіз жаратылмаған. Әр біреуінің өзіндік себебі, қасиеті, ерекшелігі, пайдасы бар.

         Ағаштарды бізге қалың ну орман етіп жаратты. Аспаннан жаңбыр жаудырды. Теңіздер мен өзен-көлдер, аспандағы қараңғылық пен жарықты алмастырып отыратын ай мен күнді жаратты. Бұның барлығы жаратылуындағы өзіндік себебі бар...

         Айта берсе Алланың нығметінде шек жоқ, санап тауысу әсте мүмкін емес...

         Ал мына мені, бүкіл адамзатты не үшін жаратты?! Осы сұрақ кейбір ақыл иесінің уысында туындамасы керек пе?! Адамзатқа ақыл, абырой, сый-құрметке лайық етіп қойған Аллаһ болмағанда кім ендеше?! Осыны білмейді кейбір ақыл иесі, білсе-дағы лайықты амал етпейді?!

                                   Махаббатпен жаратқан адамзатты,

                                   Сенде сүй Ол Алланы жаннан тәтті.

                                   Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

                                   Және хақ жол осы деп әділетті.

         Хакім Абай осылай айтқан болса, ендеше Аллаһқа деген махаббатымыз сонау мектеп кезден бастап оянуына себепші болатын асыл дана сөздеремей не ендеше?!

         Алайда барлығын Білуші Аллаһ тағала біреумізге имандылықты ерте берсе, біреумізге кеш береді. Оған шара жоқ, себебі барлығы Аллаһтың ғана қалауымен болатыны хақ. Ал егер бізді адам етіп,  махаббатпен жаратса, ендеше біздің мақсатымыз, міндетіміз адам болып жүру. Себебі біз бұл фәни жалғанда қонақ болып келгенімізді ұмытпауымыз керек. Адам боп келдің бе, адам боп кету міндетіміз. Яғни өзгені сылағаның, өзіңді сыйлағаның. Ешкімнің ақысын жемеу. Өтірік айтпау, аманатқа қиянат қылмау. Себебі әр біреуінің өз ақысы бар екенін ұматпаған жөн.

         Бұл өмірде еш нәрсе мәңгі емес. Жас та қартаяды, денсаулықта тозады, уақыт өтіп кетсе, қайтып оны ешбір байлыққа сатып ала алмайсың.

         Тек Аллаһ тағала ғана Мәңгі. Ол Тірі, Ол тумады да туылмады. Оның ешбір серігі жоқ. Жалғыздық тек қана Аллаһқа тән!

         Қандай да бір қиындыққа тап болсақ, біз алдымен Аллаһты еске алмаушы ма едік?! Ал енді, жолымыз болып, қандай да бір сәттілікке тап келсек оның себебін Алладан емес, өзгеден іздейміз. Ол әсте қателік болып табылады.

         Аллаһ тағала біздің сырт тұрпаттарымызға емес, жүректерімізге, ниеттерімізге, жақсылықтарымызға, амалдарымызға қарайды. Аллаһ тағала әрбір ойлағанымызды, іштей жасырын не ашық айтылғандардың барлығын Естуші, Білуші, Көруші. Сол себептен сырт келбетімізге қарағанда, ішкі жүрегімізге де ерекше мән бергеніміз абзал.

         Асылы Аллаһ тағала бізді өз аналарымыздан да бетер жақсы көреді. Біз Аллаһқа тәуелдіміз, қарыздармыз. Аллаһ тағала әрбір Өз жаратылысына жамандық тілемейді. Тек жақсы болсын деп бұл өмірде сынайды. Асылы біз Аллаһты сынамаймыз, Аллаһ бізді Сынаушы. Ал бізге, Жаратушымызды тануға себепші болған адамзаттың асыл тәжі болған, пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға (саллаллаһу алейһи уәс сәләм) екі есе қарыздар екенімізді айтпасақ артық болмас. Пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уәс сәләм) оның отбасына әрі барлық саңлақ сахабаларына сәлем мен салауатымызды жолдаймыз.

         Үмбетім деп соққан оның жүрегі, Аллаһтан біз үшін сұраған дұға тілектері, әрі Қиямет күні біздерге шапағатшы болуды тілегені, біз үшін- келер ұрпақ үшін үлкен өнеге, асыл мұра. Осы асыл қазынамызды, иманымызды, көзіміздің қарашығындай аманат етіп, жеткізуге Аллаһ тағалам нәсіп еткей барша мұсылмандарға. Ол үшін көп нәрсе артық керек емес. Аллаһ тағала сізге үлкен мұғжиза, иман берсе, сол имандылықты сақтап, тақуалыққа бет бұрып, барынша адам затқа пайдаңыз тисе, еліңізге адал қызмет етсеңіз, салихалы отбасын құрып, салихалы ұрпақ тәрбиелесеңіз, көршімен дос болсаңыз, селеміңіз түзу болса одан артық не керек. Осының барлығы адам қолынан келетін нәрсе. Аллаһ тағала сізге тек жеңілдік қалайды. Аллаһ тағала біз көтере алмайтын жүкті бізге жүктемейді. Тек кейбір адамдар өздері өз өмірлерін қиындатып жіберетіні болмаса. Әйтпесе мұсылман болу бір бақыт. Қиыншылықта сабыр етеді, бұл ол үшін жақсы. Қуанғанда Аллаһқа шүкіршілік етеді, бұл да ол үшін жақсы. Ендеше бұл фәни жалғанға біз сауық сайран үшін немесе ойнап күлу үшін емес, Аллаһқа құлшылық ету үшін, ақыретімізді ойлап, азық жинау үшін келгенімізді ұмытпағанымыз абзал. Қамшының қысқа сабындай өміріміз зая кетпесін ағайын. Еш нәрсені себепсіз жаратпаған Аллаһ Хақ! Осы мақаланы да жаздырып отырған Аллаһқа барлық мақтау мадақтар болғай! Әс сәләму алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһу! 

 

Диана Муслима

 
Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
9 жыл бұрын 3858
4 пікір
Блог туралы