Балаларға деген сүйіспеншілік
Балаларға деген сүйіспеншілік
Пайғамбарымыздың он жыл қызметінде болған Әнәс (р.а.) былай дейді: "Бала-шағасына Пайғамбарымыздан артық мейірімді жанды көрмедім". Бір хадисінде былай деген: "Балаларыңды көп сүйіңдер. Себебі, сүйген сайын жәннаттан бір дәреже беріледі. Әрбір дәреженің ара қашықтығы бес жүз жыл. Періштелер әр сүйгендеріңді санап, жазып отырады". 
Бір күні Алла елшісі (саллаллаһу алейһи уәссәләм) немересі Хасанды өбектеп, сүйгіштеп отырғанда, қасына келген Акра ибн Хабис: "Ойпырмай-ай, менің бір емес он балам бар, ешқайсысын әлі күнге басынан сипап, маңдайынан сүйген емеспін!",- дейді таңданып. Сонда Пайғамбарымыз: "Сен басқаларға мейірімділік танытпасаң, Алла Тағала да саған мейірімділік көрсетпейді", - деген мағынада жауап қатады.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәссәләм) балаларды райхан гүліне ұқсатып, ал иісін жәннаттың иісіне теңеген. Немерелерін жиі-жиі қасына шақырып, бауырына басып, мейірлене иіскейтін. Тіпті кейде оларды құшақтап, сүйгеннен кейін: "Я, Алла Тағалам, бұларды мен жақсы көремін, Сен де оларды жақсы гөр!"-деп дұға ететін. Бөлмесіне ешкім кірмесін деген уақыттарды да немерелері кірсе қарсылық танытпайтын. Тіпті мешітте жамағатпен намаз оқып жатқанда, немерлері келіп ұмар-жұмар үстіне асылып ойнайтын.
 

Мақала "Күнтізбе - 2014" алынған (ҚМДБ)

Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
9 жыл бұрын 6480
0 пікір
Блог туралы