Жақсы жар
Жақсы жар

Ер адам өз кезегінде әйелінің жақсылықтарын бағалай білгені абзал. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәссәләм): "Шүкір етуші жүрекке, Алланы зікір етуші тілге және ақырет жөнінде сіздерге жәрдемші болатын ізгі әйелдерге иелік етуге тырысыңдар. Бұл дүниеде үш нәрсені жақсы көрдім: жұпар иіс, ізгі әйел және намаз" деп ер адамдарға кеңес берген. Бұл хадисте Алланың елшісі ақырет ісінде көмек беретін ізгі әйелдің орнын алабөтен мақтап отыр. Сондықтан егер әйеліңіз сізді таңғы намазға оятып, ораза тұтқанда сәрелік асыңызды даярлап берсе, кітап оқып білім алуыңызға ыңғайлы жағдай тудырып отырса, шариғат талаптарымен өмір сүруде көмегін аянбаса, ондай алтын басты әйелдің қадірін білу сіздің ұлық міндетіңіз. Мұсылман әйелдің өзінің пәк денесін бөтен көздерге көрсетпей, тек күйеуі үшін таза ұстауының өзі ерекше құрмет тұтарлық. Қазекем мұндайда "Анаңның емген сүті үшін нағашыңды сыйла, балаңның емген сүті үшін әйеліңді сыйла" деп мақалдатқан. Осы тұста қазақ әйелін көп жылдар бойы зерттеп-зерделеген, сөйтіп әдебиетте аналар галереясын жасаған Ғабит Мүсірепов атамыздың мына бір сөзін еске ала кетейік: "Қазақ әйелін жан жолдасым" дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз адамбыз дегені ғой". 

 

Мақала "Күнтізбе - 2014" алынған (ҚМДБ)

Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
8 жыл бұрын 4370
1 пікір
Блог туралы