Бұл көктем, маған сый болды
Бұл көктем, маған сый болды

Өміріңнің әдемі кезеңдері болып тұрады. Оларды айналаға қуаныш шаттығы ретінде төгіп тұрсаң, қоршаған сені барлық тірі жаратылыс қуат алатындай көрінеді. Биыл көктем ерекше құлпыруда, айналаңды қоршаған көкорай жасыл ағаштар, сан түрлі гүлдер ерекше жан бітіп тұрғандай. Бар болғаны екі жетінің ішінде ағаштар бүршік жарып, жасыл көйлекке оранып-ақ алғандай. Ал гүлдер болса түстері сан түрлі, жерге төселген әдемі құрақ көрпедей. Бұл Алланың нығметі, сый, жомарттығы, мейірімділігі, рахымдылығы. Осындай сұлулыққа қарап Раббыңды ұлықтамай тұра алмайсың, аспанға қарасаң да әдемілік, ерекше боялып тұрады. Өміріңе жаңа бір бояу, жақсылықтар, игіліктер әкелетін тәрізді. Үміт сыйлайды. Асылында, айналаға ерекше мейірімділікпен, қуанышпен, рахметпен, шаттықпен қарасаң, қоршаған орта да саған солай қайтарымын береді екен. Осындай жаңа кезеңнің, мезгілдің бастамасы бой алып келген шақта, Аллаға деген рахметіңді, шүкіршілігіңді, махаббат пен ізгілікті арта түскенің керемет болады. Ол сенің Раббыңа деген бойұсынушылығыңның ерекшелігін туындатады. Раббым әрдайым бізді шүкіршілік еткен құлдарынан қылғай.  

Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
9 жыл бұрын 4880
4 пікір
  • Динана!
    Біріншіден, мұндай "күйді" тек мұсылман ғана сезінеді. Себебі ол табиғаттың әр түрлі құбылысы мен "мінезін" Алланың құдіретіне әкеп тірейді. Ол осынысымен де мұсылман.
    Екіншіден, сізде жазушылық қабілет бар екен. Неге діни прозамен шұғылданбасқа?! Мен, роман жаз демеймін. Бірақ, әңнгіме, очерк, ғылыми зерттеу мен повесть жазағаныңыз дұрыс.
    9 жыл бұрын
  • Діни көркем шығарма қазақ әдебиетінің бәлкім әлем әдебиетінің ең бір ақсап тұрған жері ғой. Ақыретке сауап жолдап тұратын есті шығарма жазу есті адамның есінде жүргені жөн. Шынында тағиғаттың ғажайып күйін сезіну - Алланы сезінуден туған сезім.
    9 жыл бұрын
  • Ия. Иншалла.Диананың діни әңгімелерін оқып отырайық келешекте иншалла
    9 жыл бұрын
Блог туралы