Адам баласы қандай жол таңдаса, сол жолмен ілеседі. Егер ол дұрыс жолды таңдаса, иман жолын ұстанса ол әрдайым өзін тежеп, өзінің ішкі дүниесімен арпалысып, нәпсісін құрықтап отырады. Ал егер, бұрыс жолды таңдар болса, ол айналасындағы жақсылықты, жасыл шөпті де байқамай өтіп кетеді. Өйткені Алла Тағала ондай адамдардың көкірек көздерін соқыр қылады. Бірақ, мүміндер ондай емес, олардың жөні бөлек, сөзі бөлек. Олар жаман жолдан алыс, тура жолды ұстанады әрдайым. Соған қарамастан, мүмін адам үшін бұл дүниедегі әр бір күні сынақ болып табылады. Қуану, қайғыру, шаттану, күлу, уақытты өткізу барлығы сынақ. Сіз қазір бір қуанышқа шаттанып жүріңіз, артынша ол қуаныштың да сұралатын сұрауы бар. Соны әрдайым ұмытпау керек екен. Егер, сіз бір қайғы, мұң басып жүрсеңіз, онда біліңіз, ол қайғының артына бір жақсылықты Алла Тағала жасырып қойды. Сізді сынау үшін ғана, жібереді ол қиындықты. Іс жүзінде ондай жағдайяттар жиі кездеседі адам өмірінде. Мысалға, басыңызға бір қайғы келді делік, сіз сол кезде: "Бұндай жағдай әр адамның басына келеді. Мен Алла Ризалығы үшін шыдайын. Менен де қиын қыстаулар кешіп жүргендер қаншама. Бәлки, бұл қайғы менің бір күнәмді кетіретін шығар, оның сый зор шығар" деп іштей өз-өзіңізді шабыттандырсаңыз, нұр үстіне нұр. Сол кезде келесі күні, сізге міндетті түрде Алла Тағала тарапынан бір сый келері сөзсіз. Тек шынайы сену керек және ниетті түзеу керек екен. Алла Тағала баршамызды шүкіршіл, зікіршіл құлдарынан еткей!
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Бөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "Священник не останется христианином, если проведет..."4 күн бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Алатау тұқымы шетелдік тұқымдарға қарағанда несіме..."4 күн бұрынАскар Искаков жаңа жазба қосты: "Что они сделали с 350 000 000 наследства? Шокирующ..."5 күн бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Зеленый купол мечети Пророка внезапно стал ярко кр..."5 күн бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Ғалымбек Елубай: Шала бауыздалған ақ ешкі..."16 күн бұрынАскар Искаков жаңа жазба қосты: "Секрет левитации! Как человек сидел в воздухе? Вид..."17 күн бұрын2022, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.