Достықтың қадірі
Достықтың қадірі

Мен білмейді екем,
Достықытың тәтті дәмін.
Сағынғанда жұбатар айтып әнін.
Көз жасты досыма деп бір төгетін,
Көңіліне демеу боп, жылу беретін.

Достықтың қадірін де білмей келем,
Көпшілікке неге екенін сыймай жүрем.
Жалғыздықты жаныма жолдас қылып,
Өзімді іздеумен лайым шөлдеп келем.

Шөлдеп жүрем, қанағат тұтпай келем,
Бойымдағы мінімді удай көрем.
Мақталуды сүйетін сияқты боп,
Мақталғанды кей шақта жат көрмедім.

Немен барам Алланың құзырына,
Бойымдағы мінімді тия алам ба?!
Өзгелердің айыбын іздегенше,
Өз мінімді өле-өлгенше жия алам ба?!

Адамды жолдасына қарап білер,
Жақсымен жолдас болсаң алға жетелер.
Алла сүйер жақсыны рақым қылып,
Ал жаманмен жолдас болсаң, мазақ етер.

Диана Есейқызы

2 сәуір 2017 жылы

Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
7 жыл бұрын 4534
0 пікір
Блог туралы