Алланы сүю
Алланы сүю

Ғашықтық дерті мәңгі емес,
Өтеді өтпелі кезеңі.
Ғашықтық сірә өткінші,
Тез таусылар бал-шекері.

Алланы сүю шынайы,
Нағыз бақыт сол сезім.
Үздіксіз зікір етуің,
Әкелер жүрекке жылуын.

Нәбиге ғашықтық сезімің,
Білдіртіп сенің жүруің.
Ең ізгі болар амалың,
Сүйер болса шынайы жүрегің.

Алланың іздеу разылығын,
Болса егер мақсатың.
Мұратқа сонда жеткенің,
Жасаған бекер болмас ісіңнің.

Алланы әрдайым ұлықта,
Жасыма жүрек, жасыма.
Нәбидің сара жолынан,
Жаңылма жүрек, жаңылма.

Диана Есейқызы

Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
7 жыл бұрын 4954
0 пікір
Блог туралы