Дұға ету
Дұға ету

Алла зарарға ұшырағандар мен мұқтаж кісілердің дұғасын қабыл етеді.

Бұл әңгімені Мәлик ибн Динар деген кісі айтқан. Ол қажылық сапарға шығып жолда келе жатқанда тұмсығында бір жапырақ наны бар құсты байқайды. Ол бұған қарап қалып: “Мына құстың бұл бір жапырақ нанды не істейтінін байқайыншы”, - деген ойға келеді.

Ол былай әңгімелейді: “Сонымен, әлгі құстың соңынан жүріп отырдым. Ол қол-аяғы байланған бір қария кісінің жанына ұшып келіп, тұмсығындағы әлгі нанды оның аузына салып, қайта ұшып кетті де, аздан кейін тұмсығына су толтырып келіп, әлгі қария кісінің аузына құйды. Мен қарияға жақындадым да: “Уа, қария, мұндай халге қалай тап болдыңыз?” - деп сұрадым. Ол: “Мен ұрылардың қолына түстім. Олар менің барлық нәрселерімді алды да, өзімді байлап тастап кетті. Бес күн бойы өзімді қысқан аштыққа сабыр еттім.

Содан Алла Тағалаға: “Ей, қиыншылыққа тап болған адамның дұғасына жауап беруші, менің басыма қиындық келді, маған рақымшылық жасай көр”, - деп дұға еттім. Содан Алла Тағала осы құсты жіберді” - деді.

Мен оны байлаудан босаттым да, қажылыққа бірге аттандық.

Бұл әңгімеден түйетін ой: Алла Тағала өзінен қорқатын тақуа кісі мен қиыншылық тартқан кісінің дұғасына жауап береді.

Мақала ғаламтордан алынған

Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
8 жыл бұрын 4623
6 пікір
  • Иншалла! Мен осыны өз өмірімде көрдім. Яғни мені бір кісі жазықсыз "кінәлісін" деп кінә артқан еді. Мен ол кездері кішкентай 15 жас аралығында едім. Алладан былай тіледім "Алла осы адам төсек тартып ауырса екен" деп. Арадан уақыт өтіп, бір күні сол адамның ауырып жатқанын естідім. Сол кезде жанағы дұғам есіме түсті. Умытып кеткен едім. Бірақ қалай есіме түсті деп таңданам?! Ал қазір есім кіріп, солай дұға жасағаныма өкінем. Алла жазасын берсін деп қоя салуым керек еді. Зұлымдыққа тап болған адамның дұғасы қабыл болады. Бұл жағдай өмірімде бір-ақ рет болды. Қазіргі таңда мені жазықсыз кінәласада оларға олай дұға жасамаймын. Алланың құдреті сонша мені ондайдан тиып тастады. Бәрі Алланың қалауымен!
    8 жыл бұрын
  • Ғаламтордың бір жақсы жері осындай дүниелерді оқып жеңілдеп қаласың!
    8 жыл бұрын
  • Иә, асы адалдан болғандардың да дұғасы қабыл болмақ.
    8 жыл бұрын
Блог туралы