Жеңілдік
Жеңілдік

Аяқ киім дүкеніне келген тауарларын сөрелерге орналастырып жатқан дүкеншінің ісін, көшеде бір бала сырттай бақылап тұрды. Жазғы демалыс таяп қалғандықтан, спорт аяқ киімдеріне сүраныс көп еді. Олардың ең әдемілерін жұртшылық назарына түссін деп орналастырып жатқанда, дүкеншінің көзі балдаққа сүйеніп тұрған балаға түсті. Байқап қараса, оның сол аяғының тізесінен төмен жағы шолақ екен. Бала аяқ киімдерге қызыға қарап тұр.
Сатушының оны байқап қойғанын сезіп, бұрылып кете бермекші еді, дүкенші сыртқа жүгіріп шықты.
Балақай!!! Аяқ киім алмақшы ма едің? Биылғы аяқ киімдер өте әдемі, байқадың ба? - деді. Бала оған:
Иә, шынында, өте әдемі екен, - деп жауап қатты. Бірақ... менің бір аяғым туылғалы кеміс, - деді.
- Мен үшін бұл қорқынышты емес. Мына дүниеде кемшіліксіз адам жоқ шығар. Біреудің тәнінде, енді біреудің ақылы мен иманында кемшіліктер болады.
Бала үнсіз тұрып қалды. Ал дүкенші сөзін сабақтап: - Әттең, кемшілік иманымызда емес, аяғымызда ғана болса еді, - деп күрсінді. Бала дүкеншіге жақындап келіп:
- Сөзіңізді түсінбедім. Неге олай дейсіз? - деді.
- Өйткені иманымыз болмаса жұмаққа кіре алмаймыз. Ал аяғымыздың болмауы оған кедергі бола алмайды. Ол жақта бүкіл кемшіліктеріміз түзеледі. Сонымен қатар мына дүниедегі қиыншылықтарға сабыр еткендерге мол сыйлықтар бар, - деді. Дүкеншінің сөздерін мұқият тыңдап тұрған бала, осы күнге дейін қинап жүрген жарасы жазылып бара жатқандай сезілді.
Сатушы сөрелерді нұсқап:
- Сен көрген аяқ киім саған жарасады! Киіп көресіңбе? - деді. Бала: - Оның бағасы 30 доллар. Оны алуға ақшам жетпейді.
- Саған арзандатып беремін. Оның үстіне сен біреуін ғана аласың. Бұл саған одан сайын жеңілдік болады.
Бала біраз ойланып:
- Екінші пары іске аспай қалады ғой. Сосын оны кім алады?
- Сен ол үшін қам жемей-ақ қой. Мен оны оң аяғы жоқ адамға сатармын. Сен оқушы шығарсың? - деп сұрады.
- Әрине, 2-сыныпты бітіріп, 3-сыныпқа өтемін, - деді бала.
- Охо, сенің әлі оқушыларға деген жеңілдігің де бар екен ғой. Сонда саған бір аяқ киім 5 долларға түсіп түр. Ал, саттым саған.
Дүкенші баланың таңырқап тұрған сәтін пайдаланып, дүкенге дереу кірді де әдемі аяқ киімді алып шығып балаға кигізді. Ал енді ескі аяқ киіміңді сен маған сат деп жабыса кетті. «Сен мұны маған сатсаң, саған шексіз разымын» - деді.
- Қалжыңдап тұрсыз ба? Мұның табаны түсуге айналған. Ескі аяқ киім ақша болушы ма еді? - деді бала таңданып.
Досым сенің антикалық заттардан хабарың жоқ сияқты. Зат қаншалықты ескі болса, соншалықты қымбат болады. Сондықтан сенің аяқ киімің кемінде 30-40 доллардан кем болмайды. Бала өз-өзіне сенбей тұрып қалды. Оған мұның барлығы көрген түс сияқты сезілді. Өміріндегі ең ташама кезі дүкеншінің оған ақша ұстатып жатқан кезі еді. Ол ақшаларды ұстап тұрып, 10 долларын дүкеншіге қайтарып берді де;
- Маған 30 доллар да жетеді. Өзіңіз айтқандай қазір жеңілдікпен сату науқаны емес пе? - деп күлімсіреді. Дүкенші оның көңіліне тимесін деп, 10 долларды қайтып алды да баланың маңдайынан сүйді. Ол өзін өте бақытты сезінді. Ол бұл бақытты бір күнде барлық аяқ киім сатылып кетсе де, сезіне алмайтын еді. Бала үйіне қайтпақ болып жинала бастады. Ол дүкеншіге ыстық лебіздерін айтып былай деді:
- Әкем дұрыс айтқан екен. Ол маған үнемі:
- Шолақ болғаныңа ешқашан қайғырушы болма, - деп көп ескертетін. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәссәләм): «Кімде-кім бір мүминнің дүние қайғыларынан біреуін айықтырса, Алла да оның қиямет күнгі қайғыларының біреуін айықтыратын болады. Ал кімде-кім қарызын өтеуге шамасы жетпейтін тарыкқан кісіге жеңілдік жасаса, Алла да оған екі дүниеде жеңілдік жасайды. Кімде-кім бір мұсылманның айыбын жасыратын болса, Алла оның да екі дүниеде айыбын жасырады. Кімде-кім бауырына көмек берсе. Алла ол құлына да көмек береді» деген екен.

 

Мақала ғаламтордан алынған.

Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
9 жыл бұрын 3783
2 пікір
  • Ия. Керемет мақала. Адамды шынымен ойландырады. Алдында орысша нұсқасын оқыған болатынмын. Мейірімді болуды АЛЛА бәрімізге нәсіп еткей!!!
    9 жыл бұрын
  • Оте тамаша мақала!
    9 жыл бұрын
Блог туралы