Мүміннің сипаты
Мүміннің сипаты

Адамның ішкі сұлулығы иманмен ұштасқан. Асылында, иманды жан көрікті ішкі дүниесімен және сыртқы келбетімен. Алла Тағала иманды кез-келген адамға бере бермейді. Бәлки, әрбір мүмінге берілген бұл мұғжиза асыл қазынамен тең болар, тең болады да. Иманды жан қалайша көркем, сұлу болмақ?

  • Жүріс-тұрысымен. Жолда бір шетімен ғана жүреді. Көшеде әйел немесе еркекке бас сұға қарамайды. Бір рет қараса, екінші рет қарамайды. Көшені ластамайды, кедергілер болса, алып тастауға тырысады. Көше ақысын біледі.   
  • Сөзімен. Мүмін сөз сөйлегенде дауыс көтеріп сөйлемейді. Адамдарға ашуланбай, жылы жүзбен, жұмсақ мәміледе жауап береді. Әдеттен озбай, ешкімнің ақысын жемей, кезекте сабырмен тұрады. Раббысын еске алып, зікір етеді. Өсек, ғайбат, балағат сөздерден бойын аулақ ұстайды. Абыройын төмендететін сөздермен істерден алыс жүреді. 
  • Іс-әрекетімен. Өзгелерге үлгі болады әрдайым. Мұқтаждарға, өзінен сұрай келген адамның бетін қайтармайды. Өйткені Құрани Кәрімдегі "Духа" сүресінің ("Сұраушыны зекіме") 10-шы аятына сай амал етуге тырысады. Тірі жанның баршасына мейіріммен, рахметпен қарайды. Өзінен әлсіздерге күш көрсетпейді. Ата-анасына жақсылық жасайды. 
  • Жүрегінің көріктігімен мүмін әрқашанда өзгелердің алдында бір сатыға жоғары болады. Алла Тағаланың мүмін ер және мүмін әйелдердің қарапайым адамдардың жанында қарағанда бір  немесе бірнеше мәрте дәрежесінің жоғару қою себебі, мүмін ер яки мүмін әйел Раббысына иман келтіріп, серік қоспайды. Раббысын 5 уақыт намазында, ас ішкенде, үйден шығарда, кірерде, отырғанда, тұрғанда, жатқанда әрдайым еске алады. Әрқашан, Алла Тағаладан көмек сұрайды, тілейді, игі іс істеп, тый дегендерінен тыйылады. Раббысын және Пайғамбарын Мұхаммед Мұстафа (саллаллаху алейхи уәссәләм) ны барлық адамдардан да артық жақсы көреді. Әрдайым Жаратушы Жаппарға жақын болуға тырысады. Сол үшін де Алла Тағала мүміндерге ерекше мейіріммен қарайласып тұрады. Ерекше жақсы көреді, аспан әлемі де Алланың әмірімен сол мүмінді жақсы көретін болады. Дәл солай жердегілер де сол мүмінді жақсы көретін болады екен.

Мүміннің дұғасы әрқашан қабыл. Дұға мұсылманның қаруы болмақ. Кез-келген жағдайда дұға мұсылман үшін қорған болмақ. Барлық жүрегінде иманы бар мүмін бақытты жан. Алла Тағала барашамызға мүміннің сипатына сай ғұмыр кешіп, адал, салихалы, парасатты, иманды да тақуалы құлдарының қатарынан болуды нәсіп қылғай! Әмин!  

Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
8 жыл бұрын 7416
3 пікір
  • Ой, айналайын, Диана! Алла разы болсын! Көп жаса! Күні бойы шаршағанымды басқан керемет мақала жариялапсың! Мына мақалаң қағазға шығарып, үйіңнің төріне іліп қоятын ереже сияқтанып көрінді. Алла осы ілімдерге сай амал ететін момындардан еткей!
    8 жыл бұрын
  • Алла баршамыздың бойымызға Мумин сипатын берсін.
    8 жыл бұрын
Блог туралы