Жабир бин Абдуллах (р.а.) Аллаһ елшісінің (с.а.с.) быай дегенін жеткізеді:
"Үмбетіме рамазан айында бес нәрсе берілді. Бұлар бұрынғы пайғамбарлардың үмбетіне берілмеген:
Біріншісі: Рамазан айының алғашқы түнінде Хақ тағала оларға рақымдылығымен қарайды. Аллаһ кімге рақымдылығымен қараса, оны ешқашан азапқа ұшыратпайды.
Екіншісі: Ораза тұтқандардың ауыздарының иісі Аллаһтың құзырында хош иіс болып саналады.
Үшіншісі: Күндіз-түні періштелер ораза тұтқандардың кешірілуі үшін Аллаһқа жалбарынады.
Төртіншісі: Аллаһ ол күні жұмағына бұйырып: "Ей, жұмақ, құлдарым үшін дайындал, безен. Дүниенің қиындығынан құтылып, менің құзырыма және сыйыма келіп, демалатын уақыттары жақындады" дейді.
Бесіншісі: Рамазан соңғы түні келгенде Аллаһ ораза тұтқан құлдарының барлығын кешіреді".
Бір сахаба "Уа, Аллаһтың елшісі! Бұл қадір түні ме?" - деп сұрады.
Пайғамбарымыз "Жоқ", - деді, "Жұмысшылардың күні бойы жұмыс істеп, жұмыстарын бітіргеннен кейін жалақыларын алатыны білмейсіңдер ме?"
Мақала "Күнтізбе - 2013" алынған (ҚМДБ)