Ибрахим Адхам деген кісі болған екен. Патша болған екен. Бір күні үйіне кіріп келеді да, жататын уақытта бақшасын аралап қайтады. Сол бақшасына шығып кеткен кезде, бір қара нәсілді әйел кісі келіп, үйін сыпырып, көрпесін әдемілеп ашып кетіп қалады, көзіне көрінбей кетіп қалу керек екен. Бірақ, ана бейшара әйел, патшаның төсегіне "Отырып көрейінші" - деп, жанбастап басын жастыққа қойғаннан ұйықтап қалады. Патша келсе, бір қара нәсілді әйел ұйықтап жатыр төсекте. Қамшыны алады да, ұрады ғой. Анау әйел кісі, үстінің қандала болғанынан оянады. Оянады да, күле бастайды. Патша: "Мынау жынды боп қалған екен" деп ойлайды. Себебі әйел кісі ұрған сайын күледі екен. Патша: "Сен жынды болдың ба? Есіңнен аудың ба? Не болды?" десе, әйел кісі: "Мен, - дейді, бес яки он минут па осы жерде ұйықтап қалдым, соның мына жазасын қарашы. Сен өмір бақи ұйықтап келесің мына жұмсақта" - дейді. Патшалығын тастап кеткен сосын патша.
Бауырлар, рас қой, жұмсақ төсекте ұйықтап келеміз. Алла құдай сұрамайды ма?! Ей пәленше! Жұмсақ төсекте ұйықтайсың, түнгі намаз қане? Пәленше, ораза қане? Сұрамай ма? Ақша ше, дүние ше, біреуден аз біреуден көп тауып жатырсыз, алып жатырсыз. Алла құдай бала-шаға беріп жатыр. Сұрамай ма? Бәрін сұрайды! Ал имамнан мешітпен қосып сұрайды, Өзінің үйін. Түсінесіз ба?! Үйдің Қожайыны сұрайды, қызметшісінен "Біздің үй не болды?" деп.
Арман Қуанышбаев ұстаздың уағызынан