Жүсіп Баласағұн
Жіті бағып, таңдаулысын аларсын,
Жақсы болсын тегі, заты, ұрығы,
Пәк, ұятты болсын жанның тұнығы.
Дұрыс үйдің қызын ал, қол тимеген,
Сенен өзге еркек жүзін көрмеген.
Сені сүйіп, басқа жанды білмесін,
Жаман тексіз қылық іздеп жүрмесін.
Тек өзіңнен, төмен қызды аларсын,
Асыл текке өзің құл боп қаларсың.
Тыңдап қара, сынаған ер дегенің,
Сынаған ер білер істің беделін.
Түзігін ал, алсаң тегі төменін,
Сүйінішпен өтер дәурен көрерін.
Көркін емес, ізгі құлық қаларсын,
Жақсы болса құлқы жайнап жанарсын.
Өз теңіңді ал, алсаң қатын алмағын,
Ердің ері, ей тақуасын таңдағын.
Көркін қуып, алма құлқы кемісті.
Сұлу құмар, сұлуды аңсап сор болма,
Қызыл жүзді сарғайтпа, һәм қор қылма!
Әйел алсаң төрт белгісін көздеші,
Бұл төртеуден кездеспейді өзгесі.
Бай әйелді, біреу іздеп жүреді,
Енді бірі сұлуға көз тігеді.
Бірі тілер тұқымы асыл тектіні,
Қуаныш боп ұлықтығы, бектігі.
Бірі нәзік, ақылдысын таңдайды,
Оны тапса көңілде алаң қалмайды.
Таңдаулысын айтайын мен бұлардың,
Әйел алсаң, түргін маған құлағын.
Әй, таңдаушы, бай әйелден үміткер,
Құлы болып қалма оның білектер.
Көңілі мүлік болып тілін ұзартар,
Көтерер ісін болсаң, малға құмартар.
Кісі ізгісі, гүзәлді іздеп шоларсың,
Сұлуды алма, елге күлкі боларсың.
Шырайлана күллі ел сүйер жақтар мың,
Оны Хақтың құдыретімен сақтарсың.
Асыл текті, бектер тіні, тым зәрлі,
Қатынға құл болма тілі азғырлы.
Тақуа нәзік, жар іздеген бекзада,
Төртеуі де, тапсаң сонда бір ғана.
Кездестірсең ақылды, ізгі адамды,
Әй ізгі ер алғын қойып алаңды.
Тілегің мал болса берер мал тізіп,
Байытады жүзіңе қан жүргізіп.
Түзу болса құлқы шырай шырығы,
Білген білер әйел көркі қылығы.
Мінсіз мінез, пәктік шырай шырыны,
Біле білсең әйел көркі қылығы.
Пәк тақуа болса асылға баларсың,
Үш сипаттың бәрін содан табарсың.
Ақылдысын, ізде іздесең, ей бегім!
Есті болса, болар түгел төртеуі.
Мұндай жанды, тапсаң ширап қуанда,
Ей мерткісі ұста қолдан шығарма!
Қандай әйел алу керектігі туралы
|
Жіті бағып, таңдаулысын аларсын,
Жақсы болсын тегі, заты, ұрығы,
Пәк, ұятты болсын жанның тұнығы.
Дұрыс үйдің қызын ал, қол тимеген,
Сенен өзге еркек жүзін көрмеген.
Сені сүйіп, басқа жанды білмесін,
Жаман тексіз қылық іздеп жүрмесін.