Әйелінің айқайы
Әйелінің айқайы

Бір күні хазреті Омар (р.а.), әйелінің айқайынан, шағымдану үшін бір кісі келеді. Хазреті Омардың үйінің есігінің алдында жақындағанда, іштен хазреті Омарға айқайлап жатқан даусын естіп, артқа қайтып кетеді. Сол кезде хазреті Омар оны көріп:

- Не үшін келдің және неге кірмей кетіп бара жатырсың? - дейді.

- Сізге әйелімнен шағымданып келіп едім. Бірақ әйеліңіздің сізге айқайлап жатқанын көріп, шағымданудан бас тарттым.

Хазреті Омар оған былай деді:

- Біз әйелдердің әр бір сөзіне жауап қайтармаймыз. Олардың бізде бірнеше ақылары бар:

1) Әйелдердің себебінен жаһаннамнан құтыламыз. Өйткені хадис шәрифте, үйленген адам дінінің жартысын қауіпсіздік қорғанына алатыны айтылған;

2) Әйелдер біздің мал-мүлкіміздің күзетшісі;

3) Киімдерімізді жуып береді;

4) Тамақтарымызды пісіріп береді;

5) Балаларымызға қарап, оларды өсіреді.

Сол үшін оларға сабыр етуіміз керек. Хазреті Омардың насихатын тыңдаған әлгі кісі шағымнан бас тартады.

 

Дерек көзі "Түркістан" күнтізбесі.

Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
8 жыл бұрын 3808
1 пікір
  • Дәл осы оқиға 2-3 күн бұрын жарияланған сияқты еді :) Мүмкін оның да бір себебі бар шығар
    8 жыл бұрын
Блог туралы