Риза бол!
Риза бол!

Тағдырыңа риза бол, бақыттысың себебі, 
Алла иман сыйлады, жүрегіңе нұр төгіп. 

Өміріңе риза бол, имандысың себебі, 
Ар ұятты байлады, бойыңа ұяң қылып. 

Жаратқаныңа риза бол, Жаратушың себебі, 
Мұңайғанда жұбатты, жанашырлық танытып. 

Пайғамбарыңа риза бол, ұстазың ол (ﷺ) себебі, 
Сенің үшін дұға қып... 
Раббысынан сұрады, көз жасы оның көл болып. 

Дінім Ислам деп риза бол, ақиқат дін ол себебі, 
Мейірімділікті қолдайды, бейбітшілік туын тігіп. 

Диана Есейқызы 11 желтоқсан 2016 ж.

Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
7 жыл бұрын 4096
0 пікір
Блог туралы