Ораза тұтқан адамға берілетін бес нәрсе
Жабир бин Абдуллах (р.а.) Аллаһ елшісінің (с.а.с.) быай дегенін жеткізеді: "Үмбетіме рамазан айында бес нәрсе берілді. Бұлар бұрынғы пайғамбарлардың үмбетіне берілмеген: Біріншісі: Рамазан айының алғашқы түнінде Хақ тағала оларға рақымдылығымен қарайды. Аллаһ кімге рақымдылығымен қараса, оны ешқашан азапқа ұшыратпайды. Екіншісі: Ораза тұтқандардың ауыздарының иісі Аллаһтың құзырында хош иіс болып саналады. Үшіншісі: Күндіз-түні періштелер ораза тұтқандардың кешірілуі үшін Аллаһқа жалбарынады. Төртіншісі: Аллаһ ол күні жұмағына бұйырып: "Ей, жұмақ, құлдарым үшін дайындал, безен. Дүниенің...