Намазды қалай оқисың?
Намазды қалай оқисың?

"Намазды қалай оқисың?" деп сұрағандарға Хатами әс-Сам (р.а.):

"Намаз уақыты таяғанда, жақсылап дәретімді аламын. Намаз оқитын жерге барып, сәл кідіріп ойланамын. Сонан соң, намазға тұрамын. Қағба - дәл алдымда, сират (қыл көпір) - аяғымның астында, жаннат - оң жағымда, ал тозақ - сол жағымда, Әзірейіл - төбемде қарап тұрғандай сезіммен оқимын. Үміт пен үрей арасында әлемдердің раббысы болған Алла Тағаланың құзырында тұрғанымды ойлаймын. Тәкбір алып, мағыналарына зер сала отырып, Құран аяттарын оқимын. Кішіпейілділікпен рукуғ жасаймын. Өз тереңдігіне сай сәждеге барамын. Оң аяғымның ұшын тіреп, сол аяғымды төсеніп отырамын. Осылайша намазымды ықыласпен, шынайлылықпен оқуға тырысамын", - деп берген екен.

Мақала "Күнтізбе - 2013" алынған (ҚМДБ)

Диана ЕсейқызыДиана Есейқызы
8 жыл бұрын 3693
1 пікір
Блог туралы